Есбол ауылдық округі әкімі тағайындалды

Индер ауданы әкімі өкімімен Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы Есбол ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы - 1978 жылы 20 қарашада Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 2002 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Индербор поселкелік округінің бас маман-есепші қызметінен бастаған. 2004 жылы Индер аудандық күрделі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маман-есепшісі; 2005-2006 жылдары Индер аудандық қалақұрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маман-есепшісі; 2006-2015 жылдары Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы; 2015 жылдың 23 қыркүйегінен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Отбасылы.

"Дендер" - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521