Ережені әркез ескеріңіз

Адамдардың көпшілігі өртті олармен ешқашан болмайтын, тіпті болғанның өзінде олардың өздерінің кінәсінен болмайтын нәрсе сияқты қарастырады.

Бірақ өрттердің жартысынан көбінің себебі адамдық фактор – отты қолдану кезіндегі немқұрайлық және абайсыздық болып табылады. Сондықтан барлығы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білулері қажет.

Ең алдымен, бейтаныс ғимаратқа кіре бере, өз жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосымша есіктердің орналасуына назар аударыңыз. Егер сіз «Өрт!» деген айқайды естісеңіз, әлде түтін иісін сезсеңіз немесе жалынды көрсеңіз, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыңыз. Сабырлық және ұстамдылық танытуға тырысыңыз, жаныңыздағы адамдарды жұбатыңыз. Жағдайды бағалаңыз, нақты қауіптің бар екеніне көз жеткізіңіз, оның қайдан таралатынын анықтаңыз, сосын асықпай есікке қарай бағыттап сырт жаққа жылжи бастаңыз. Топтың ортасында жылжығанда, қарт адамдарды алдыға қарай өткізіңіз, байбаламшыларды тоқтатыңыз. Қорқыныш шырмап және қимылдай алмай қалғандарға көмектесіңіз, олармен байсалды және түсінікті сөйлесіңіз.

Топтың ішінде қалған кезде, жұдырықты түйіп алып қолды білекке жинап алып, оны бүйіріңізге қысыңыз. Аяқты алдыға мықтап тіреп, тұла бойыңызбен артқа шалқайыңыз және алдағы кеңістікті босатып, және қысымды арқамен тоқтатуға тырысыңыз және баяу жылжып отырыңыз.

Түтіннің үлкен топталуы бар жерге кірмеңіз! Қазіргі заманғы ғимараттарда жанған кезде улы заттар бөлетін пластик, синтетикалар өте көп. Бірнеше рет ауаны ішке жұтудың өзі жеткілікті – сіз уланудан қаза болуыңыз мүмкін. Бөлмелер, дәліздер түтінге толған кезде түтінге толмаған баспалдақтар жаққа қарай жүріңіз немесе есікке қарай, бірақ тек лифтке қарай жүрмеңіз. Өрт кезінде лифті қолдануға тыйым салынады. Қабырғадан, тұтқадан ұстаңыз, қол орамал немесе киім арқылы дем алыңыз. Егер түтіннің топталуы көбейсе, еңкейіңіз немесе еңбектеп жүріңіз. Егер сіз температураның жоғарылағанын сезсеңіз, демек, қауіпті аймаққа жақындап келесіз. Бұл жағдайда ең дұрысы кері қарай бұрылып кету.

Егер қалың түтіннен, жоғары температурадан және оттан Сіз баспалдаққа немесе дәлізге шыға алмасаңыз, артыңыздан есікті тығыздап жауып дереу кері қарай қайту қажет. Ал есік жарықтарын және желдеткіш саңылауларын дымқыл шүберекпен тығындап тастаған жөн.
Ғимаратта түтіннің қауіпті топталуы және жоғары температураның пайда болуы кезінде есікті тығыздап жауып балконға, лоджияға шығу қажет. Өзіңізбен бірге суланған көрпе немесе басқа тығыз матаны ала жүріңіз, Сіз онымен жалынның есік және терезе ойықтарынан ене бастаған кезінде жамылып аласыз. Бірақ бұл қорғаныс аз уақытқа ғана жетеді. Балкон болмаған кезде Сіздің соңғы мүмкіндігіңіз – қабырғадан ұстап тұрып, терезе алды тақтайына (дөңес жер, ернеу) тұру.

Егер төменде Сіздің астыңызда от жоқ болса және бөлмеде қалу қауіпті болса, онда өрт сатысы көмегімен бір қабат төмен түсуге тырысыңыз.

 А.Ишанғалиев,               

    Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері.                        

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521