Ер жігіт арамызда жүр

Атырауда Жалғас Ибрайым пен Ринат Нұрғалиев Жайыққа көпірден секіріп кеткен 13 жасар қызды құтқарып қалған болатын.

Елімізгі әйгілі болған ер жігіттердің бірі Жалғас Ибрайым Елтай ауылының тумасы. Оқиға былай болған. Екі жігіт Жайықтың «Баймұханов-Мечников» көпірі тұсында балық аулап болған соң үйлеріне қайтуға жиналып жатқан. Сол кезде көпір үстінен секіргелі тұрған жасөспірім қызды көздері шалады.

«Бір кезде ол суға секіріп кетті. Суда жанталасып, жан жағына қарманып жатты. Шыдап тұра алмай, құтқаруға мен де көпірден секірдім», - дейді Жалғас Жанатқалиұлы. Жалғас қызға жетіп, жағаға қарай жүзе бастаған. Алайда қарашаның қарыған суық суы қойсын ба? Жалғастың аяқтары жағаға жетпей құрыса бастайды. Су болған киімі де ауырлап, өзінің де жағдайы қиындайды. Жағаға жақындағанда досы Ринат көмекке жүзіп келіп қызды құтқарып алады. Әйтпесе, екеуінің де суға кетіп қалуы мүмкін екен.

-Ұялы телефонын жаңадан алармыз. Бастысы баламның аман қалғанына қуандым. Өзі тұмауратып ауырып жүрген еді. Соған қарамай тәуекел етіпті, - дейді Жалғас ердің анасы Райхан Есенғазиева.

Толығырақ газеттің №49 (8200) санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521