Елтайлықтар Қытайы Ғұмарқызын еске алды

Бүгін Елтай ауылында Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, аға мұғалім, методист-мұғалім Ғұмарова Қытайы Ғұмарқызының 90 жылдығына арналған «Ұстаз рухымен сырласу» атты еске алу кеші өтті.

Бұл тағылымы мол шараны ұйымдастыруға ауылдағы Мұқанғазы Сиранов атындағы орта мектеп ұжымы басшылық жасады.

Мектеп мұражайынан бастау алған салтанатты кеште Қытайы Ғұмарқызының есімі берілген қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің ресми түрде ашылуы өтті. Онда шәкірттері ұстаз туралы естеліктерімен бөліссе, мектеп оқушылары жыр-шумақтарын арнады. Сондай-ақ Елтай мәдениет үйіндегі еске алу кешіне жиналған жұртшылық ұстаздың фотокөрмелерімен танысып, салтанатты кештің көрермені болды. Айта кетейік сонымен қатар мұражайда Қытайы Ғұмарқызының арнайы бұрышы ашылды.

Сүйеу Халықов.

Материалдың толық нұсқасын №49 (8200) санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521