Электронды саудада нені білу керек?

Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысының ел экономикасына және қаржы жүйесіне теріс әсер етуіне қарамастан қазіргі уақытта өзінің дамуының жаңа, дағдарыстан кейінгі сатысына кіруде.

Дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне кіру елге әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші бойынша, оның ішінде қаржы жүйесінің даму деңгейі және оған қызмет көрсету түрлері мен сапасы бойынша пайдалану мүмкіндігін арттырды.

 Халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік жағдайын арттыру мақсатында орындалған жұмыстар заман талабына сай іске асуда. Яғни, сауда түрін жетілдіру және жаңа технологияларын пайдалану бойынша халыққа тұтыну сұранысын қанағаттандыру басты мақсат. Осы мақсатта электронды ақпарат алмасушы ұйымдар коммуникациялық құрылымға қомақты салымдар жасай отырып, тек ірі компаниялар арқылы жүзеге асыра алатын, ал қазіргі кезде Internet-ті пайдалану арқылы «электронды сатушы» қатарларына кішігірім фирмаларға да ене алатын мүмкіншілікке ие болды. Мысалы, World Wide Web жүйесінің электронды көрме-сөресі бүкіл әлемнен тұтынушылар тартуға мүмкіндік береді. Ешқандай материалды салымдарды қажет етпейтін оnline бизнес, «виртуалды» өткізудің жаңа арнасын қалыптастырады. Егер ақпарат, қызмет және тауар (мысалы, бағдарламалық қамсыздандыру) Web арқылы сатылса, онда сату үдерісі (төлемдерді қосқанда) online түрде жүргізіле алады. Электронды саудаға тек қана Internet ғаламдық желісі ғана емес, сонымен қатар BBS, VAN басқа коммуникациялық орталарды пайдаланатын «электронды дүкендер» жатады. Сонымен қатар WWW-дан алынған ақпарат арқылы жүргізілетін, бірақ мәліметтермен факс, телефон және т.б. арқылы алмасуды жүзеге асыратын сату үдерісі тек жартылай ғана электронды саудаға кіреді.

WWW электронды сауданың технологиялық базасы болуына қарамастан, жүйеде басқа да коммуникациялық мүмкіндіктер қолданылады. Тауар параметрлері мен тапсырысты рәсімдеу жайлы нақты мәлімет алу үшін электронды пошта арқылы сұрау салуға болады.

Электронды сауда түрі заманауи жаңа тауар қатынасы, яғни сатып алушының ақшасына сатқан сатушының тауар айырбасының жаңа түрі болып табылады. Сондықтан да электронды саудаға дәстүрлі сауда белгілері тән.

 

А.ӘЖІҒАЛИЕВА,

аудандық кірістер басқармасының бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521