ban2

Электр желісіне абай болыңыз

Электрден болатын өрттердің негізгі себебі – ол қысқа тұйықталу, желінің шамадан тыс жүктелуі.

Осындай жағдайлар болмау үшін электр сымдарын дұрыс жағдайда ұстау керек, ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен болатын өрттерді алдын алу үшін тарату қалқаншада міндетті түрде зауытта жасалған сақтандырғыштар болу қажет. Егер электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты (жучок) қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол ерімейді. Олай болса, «қорғанысы» істемейді және желі токтың астында қалады. Осындай жағдайда сымдар ерігенше қызады, оқшаулауы тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт шығады.

Сондықтан әрқашан тек зауытта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электр сымда да болуы мүмкін. Сондықтан ол дұрыс жағдайда болуы керек. Өрт электршамынан да болуы мүмкін, оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмау үшін электршамдар қағаз және мата абажурларға тимеу қажет.

Өрт заводта жасалған тұрмыстық электр қондырғыларынан да жиі болады. Егер электр желісіне бірнеше осындай қондырғыларды бірден қосса, онда ол электр сымдарының шамадан тыс жүктелуіне және қызуына мүмкіндік береді. Оқшаулау тұтанып, от сым арқылы әртүрлі заттарға таралады. Егер дұрыс қолданбаса, өрт тек бір ғана электржылытқыш қондырғысынан (үтік, шәйнек, жылытқыш, т.б.) да пайда болуы мүмкін.

Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Қондырғыны жанғыш заттардың үстіне қоюға болмайды, сонымен қатар, перделер, ағаш қалқа және т.б. оңай тұтанатын заттардың қасында қосуға болмайды.

Н.Сағынов,

Индер ауданы Индербор кенті №5 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау кіші сержанты.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner