Еңбегіне қарай құрмет

Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Серік Арыстан өңір экономикасына өзіндік үлес қосып, бүгінде зейнеткерлік жасқа шыққан елдің еңселі азаматтарының бірі, аудан әкімінің орынбасары Мұхамбетқали Алдерзин Тәкібайұлын қабылдап, оның аймаққа сіңірген еңбегіне тоқтала келе, иығына шапан жауып, құттықтау хат табыс етті.

Сондай-ақ, бұл күнгі жиынға облысымызға белгілі тұлғалар Мұхит Избанов пен Ерген Дошаев қатысып, ізгі тілектерін арнап, естелік сыйлықтарын ұсынса, аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Өтеп Нұриев пен аудандық мәслихат депутаты Жанай Амантурлин мерейгерді келген жасымыз құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді.

Жалпы мерейгердің өмір жолынан сыр шертер болсақ, ол Қарағанды қаласындағы политехникалық институттан алған мамандығы бойынша «Дон кен байыту» комбинатында еңбек жолын жас маман ретінде бастап, тәжірибе жинақтап, кейін көптеген лауазымды қызметтерді атқарды.

Толығырақ газетіміздің №50 (8201) санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521