ban2

Дендер өнімінен сарыарқалықтар да ауыз тиді

Ауыл шаруашылығындағы жұмыстардың әр кезеңінің өз орны мен маңызы бар. Ал қоңыр күзде сол жұмыстардың нәтижесін көрер шақ келгенде түрлі елдік маңызға ие жұмыстар да қатар жүреді.

Міне, осы тұста Жайық бойындағы қалың жұрт өздерінің алты ай бойына төккен тер мен еңбектерінің жемісін өздері татып қоймай, қонақжайлылық үрдіспен Сарыарқа төріндегі Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарына дейін алып барып, жәрмеңке өткізіп, бөлісетін дәстүрі биыл да жалғасын тапты.

-Бұл жолғы сапарға Көктоғайдағы «Алға-1» ЖШС, «Нариман» ШҚ ыдысқа құйылған шұбат, қымыздарын алып барса, елтайлық «Жас Нар», өрліктік ЖК «Бодикова» ет, «Индер-агро» ШҚ көкөніс өнімдерін алып барып, астана жұртына арзан бағаға сатылуын ұйымдастырды. Жалпы атыраулықтардың бұл жәрмеңкесі екі күнге созылып, адам көп жиналатын Тұран мен Қонаев даңғылдары маңындағы Ханшатырдың іргесіндегі арнайы орында өтті. Индерліктерді аудан әкімінің орынбасары Салауат Жалғасбаев бастап, құрамында аудандық ветеринариялық станса бастығы Ербол Бөкеев болған топпен барып, қызмет көрсетті,-деп хабарлады аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәулет Есетов.

Жалпы ауданда жалғасып жатқан жиын-терін жұмыстары барысында өскен өнімнің 80 пайыздан астамы жиналып үлгерілген.

С.БИСЕНОВ

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner