ban2

ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Жуырда Есбол ауылдық округінде тиісті мекемелердің күш-құралдарын қатыстыра отырып, дала-орман өрттерінің алдын алу мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға Есбол ауылдық округі әкімі аппаратына қарасты ерікті өрт сөндіру жасақшылары МТЗ-80 тракторы плугімен, 1 су тасығыш автокөлік, 1 өрт сөндіру автокөлігі қатыстырылды.

2

Сонымен қатар, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өрт сөндіру жасағы 1 су тасығыш автокөлік, 1 УАЗ автокөлігін, №5 ӨСБ-нің мобильдік тобы 1 өрт сөндіру автокөлігін осы жерге жұмылдырса, аудандық полиция бөлімі, аудандық аурухана, «Қазақтелеком» -АҚ Индер филиалы қызметкерлері күш-құралдарымен қатысты.

3

Өрт сөндіру кезіндегі күштер мен құралдардың дайындығын пысықтаған оқу-жаттығу соңында аудан әкімінің орынбасары А.Мусағалиев жаттығуға қатысқан барлық мекеме қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, айтпай келетін апатқа әр кез сақадай-сай дайындықпен жүруге шақырды.

Б.МАСАТОВ,

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық,

төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет

көрсету сапасын бақылау бөлімінің маманы

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner