ban2

ДҮНИЕДЕН КІМ ӨТКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Көзі қарақты оқырман мен өлеңсүйер қауымға жақсы таныс, шығармалары «Дендер» газетінен басқа баспасөз бетінде көп жариялана бермеген елтайлық ақын Төлеген Нығыметоллаұлы Қаражанов 66 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Ол мектеп бітірер-бітірместе аяулы әкесі белгісіз жағдайда мерт болып, соңынан ерген бірнеше ұл-қыздың қорғаны, ардақты ананың сүйеніші болуына тура келді. Төкең өзі жастайынан қалаған, өмір бойына сырласы болған ақындық ғұмыры көмекке келгендей көрінеді. Алдымен мектепті алдыңғылардың қатарында жақсы оқып қоймай, спортқа да өте бейім болған Төлегеннің сабақтан оралысымен өзін ұстаздардан бетер сыйлайтын ауылдың қарасирақтарын жинап ап қазіргі орман беттегі алаңға бастап, футболға, баскетболға баулуы да көз алдымызда қайталанбас кадрлардай есте қалды. Жаз күндері лагері жоқ ауылдағы көше кезген балаларының су мен күн оңдырған жеңіл киімдеріне «Қайрат», «Спартак», «Динамо» сынды алпауыт командалардың есімін жазып беріп, сайыстырып, намыстарын қайраған өзіңдей аға, ұстаз кемде-кем шығар бүгінде.

Төлеген Нығметоллаұлының аудандық «Дендер» газетінің белсенді оқырманы ғана емес, авторы болған кезі де сонау 90-ыншы жылдармен тұспа-тұс келді. Сол кездегі редактор Ерсайын аға Көшекұлының кезінде оның шығармашылығы айрықша танылды. Оның: -«Зейнетақы алғанымды біліп келдің-ау, ә, қу,балдыз. Айтпады деме сенің ажалың түбінде темекіден болады. Ол газеттің Махамбет жүлдесін де иленіп, суреті редакцияның «Үздік тілшілер» көрнекілігіне ілінген. Әттең, сондай бір қарапайым ауылдағы қарапайым әдебиет тілшілерін көпке танытатын бәйгелер бүгінгі баршылық заманда жоғалғандай күй кешіп отырмыз.

Қайран Төке, Төлеген аға иманыңыз жолдас, топырағыңыз торқа болсын! Отбасына, бауырларына аудандық газет редакциясы атынан қайғырып көңіл айтамыз.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ.

Елтай ауылы.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner