ban2

Бүкіл әлем балалар күнін тойлайды

Жыл сайын 20 қараша күні бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Дүниежүзілік балалар күнін 1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялады.

1959 жылдың 20 қарашасында Бас Ассамблея Бала құқығы декларациясын, ал 1989 жылы - Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады. 2000 жылы сегіз мақсаттан тұратын Мыңжылдық декларациясына қол қойылды, оның алтауы - балалардың қажеттіліктері туралы. Олардың ішінде шектен тыс кедейлікті азайту, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуын тоқтату, жалпы бастауыш білім беру сынды мәселелер бар.

20 қарашада сондай-ақ, балалар денсаулығы мәселелерін шешу жүктелген балалар дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарайды, сондықтан, 18 жасқа дейінгі балалар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде азаматтардың жеңілдік берілген санатына кіреді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында олар МӘМС пакетіндегі барлық қызметтерді тегін, соның ішінде стоматологиялық көмек пен вакцинацияны да тегін алатын болады. Балалардың сирек кездесетін ауруларын емдеу үшін тегін дәрі-дәрмек көлемі екі есеге өсті.

«Бұл күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне де қатысты, олар мемлекет есебінен сақтандырылады. Яғни, мемлекет 18 жасқа дейінгі әрбір бала үшін және әр студент үшін ай сайын орташа жалақының 5% -ын медициналық сақтандыру қорына аударатын болады», - деп атап айтты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Байтолла Ғазизов.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner