Буаз биелерді атып кетіпті

Халқымыз Ұлыстың ұлы күнін тойлап жатқанда қасгөйлер арам ойларын жүзеге асырыпты. Олар Батыс Қазақстан облысымен шекаралас аймағы яғни Қызылқоғаның Абай ауылына қарай жүретін жолдағы жайылып жүргені жылқыны жайратып салыпты.

Мал иесінің бірі индерлік Ғ.Оразбайдың жіберген бейне жазбасына қарағанда барымташылар екі буаз биені басынан атып кеткенде, айғырды атып, бауыздап, тиеп әкеткен. Іздері сайрап жатқан көрінеді.

Ұрылардың малды жол бойынан атып алуы ештеңеден тайсалмағаны емес пе? Әрі үйірдің ішінен таңдап жүріп буаз малды атып кету обал-ақ. Нағыз қасқойдің ісі, - дейді тұрғын Ғ.Оразбай.

Бұл қылмыс көршілес облыстың Тайпақ ауданы көлемінде орын алғандықтан осы аймақтың жедел уәкілдері тергеумен айналысуда екен.

САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521