БӨДЕНЕЛІКТЕРДІ КУРСҚА ШАҚЫРАДЫ

Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы бойынша грант иегерлерінің алғашқы тобы өз жұмысын бастап та кетті.

Солардың бірі бөденелік тұрғындар Айдана Габдуллина, Жанна Абиева, Әсел Әлжанова қазіргі сұранысқа сай қыздарды әсемдікке баулитын шараны қолға алып, «Сұлулық тал бойына жарасқан» атты әлеуметтік жобаны іске асырмақ. Яғни, округтегі жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар мен баламен үйде отырған келіншектерге тегін қызметтер көрсетіп, осы топтағы ынталы жандарға оның қыр-сырын үйрететін курстар өткізетінін хабарлап, жазылуға шақырады. Ендеше, жас кәсіп иелеріне сәттілік серіктеріңіз болсын демекпіз.

Округ әкімшілігі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521