ban2

"BASTA" кәсіп бастауға шақырды

АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ЖАСТАРҒА КӘСІПКЕРЛІКТІ НАСИХАТТАУ БАҒЫТЫНДА «BASTA» БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ.

Форумды бизнестренер Бибігүл Кәкімжанқызы жүргізді. Алғаш боп сөз алған аудан әкімінің орынбасары Салауат Өтеғұлұлы өзінің жастарға деген  жылы лебізін білдірді. 

-Өздеріңіз білесіздер, биыл «Жастар жылы» деп жарияланып, осы бағытта қолдан келген көмекті көрсету ісі ауданда да жүзеге асып жатыр. Айталық, биыл «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 75 тыңдаушы тәлім алса, «Жас кәсіпкер» жобасы негізінде 86 жас арнайы курстан өтіп сертификатқа ие болды. Ал, тыңдаулардан өткен жастарға 110 грант бөлініп, жұмыстарын бастап кетті. «Жас проджект» жобасы негізінде аудан бойынша 29 жоба өтіп, 29 млн теңге қайтарымсыз несие беріліп, олар әр бағытта өз кәсіптерін ашты. Бүгінгі форумға қатысушыларға сәттілік тілеймін,- деді С.Жалғасбаев.

«БАСТА» форумы алаңында еркін форматта қатысушылар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің тарихын тыңдап, спикерлерге тікелей өздерін қызықтыратын сұрақтарын жолдады. Спикерлер қатарында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификатталған биз нес жаттықтырушысы А.Азаматов, «Safety Systems» ЖШС дамыту менеджері А.Кожекова, республикалық тәжірибелі қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша филиалының директоры К.Рабай, жас кәсіпкер Ш.Катушов, Ж.Төлеуғалиев, Ғ.Сұлтанова болды. Олар өз бизнестерін қалай бастағаны, қандай қателіктер жіберілгені және табыс жолдарымен бөлісті, қоғаммен байланыс жасау жолы және кәсіби өзін-өзі тану мүмкіндігі туралы айтып, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан несие алу және түрлі бағдарламаларды тиімді пайдалану тәжірбиелерімен бөлісті. 

 Г.ИГІЛІКОВА

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner