Бүлдіршіндердің алғашқы Наурызы

«Балдәурен» балабақшасында Наурыз мейрамы өтіп, онда «Балапан» шағын тобы бүлдіршіндерін топ жетекшісі Л.Абшекенова құттықтады.

Көздің жауын алатын ұлттық киімдерді киіп, «Қамажай», «Қара жорға» биін билеп, саз жетекшісі Тұрғаным Есқазиеваның сүйемелдеуімен бүлдіршіндер бал тілімен ән шырқады. Өнерлі тәрбиешілеріміз «Тұсаукесер» салт-дәстүрін дәріптеп мерекенің шырайын келтірді.

Мерекеге келген ата-аналар дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Шара соңында дастархан жайылып қоңақтар наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.

Г.ҚАНАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521