ban2

Бөденелік Расулдың портретті шетел асты

Жақында Қазақстан Суретшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшесі, бірнеше жоғары марапаттар иесі, жерлесіміз Әділхайыр Жантасов Бөдене ауылындағы бір бейтаныс жанды кездестіріп салған портреті Алматыдағы халықаралық «Artmeken» көрмесінің төрінен орын алып, шет елге кететін болып жатыр.

Бұл портреттің тарихы мынадай:

-2015 жылы бір топ суретші болып Индер ауданындағы Тілек Халин ағамыз тұратын Бөдене ауылы жеріне келіп, плэнерлік жұмыс жаздық. Шіркін, ауылдың, Индердің, әсіресе сұлу Жайықтың табиғаты әсем ғой. Содан Жайық жағасындағы көркем табиғатты тамашалап жүргенімде мал бақан басқа ұлттың жігітін кездестірдім. Таныстық. Есімі Расул екен. Өзі күнге күйгеннен қып-қызыл, нағыз «живопись». Портретін майлы бояумен жазып шықтым. Енді былтыр 2018 жылы жаз айында портретті іздеп индерлік Роман ағамның өзі келіп кетті. Ал енді Расулдың портреті бұйырса, мамыр айында Алматыда «Artmeken» галереясына қойылады. Сөйтіп, портрет шетелге кететін болды,-дейді Әділхайыр Пангерейұлы.

С.ХАЛЫҚОВ,

Бөдене ауылы.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner