Азық-түлік дүкендері қадағаланып, түсінік жұмыстары жүргізілді

Индер ауданында төтенше жағдайға байланысты сауда орындарында азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, бағаның негізсіз өспеуі, санитарлық және дезинфекциялық шаралардың орындалу барысына ауданда «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырған топ бақылап, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Карантин режимінде әлі күнге дүкеншілердің арасында арнаулы қолғап кимегені, тұтынушылар арасында бетперде кимей сауда жасағаны, сауда орындарының ішінде санитарлық және дезинфекциялық шаралардың толық орындалмай отырғаны, нан, печенье сынды өңделмей пайдаланатын өнімдердің қапталмай ашық күйінде сатылуы кездеседі.

Осы орайда топ басшысы «Нұр Отан» партиясының аудандық ұйымының төрағасының бірінші орынбасары Ө.Оразғалиев пен аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтерің сапасы мен қауіпсіздігіні бақылау басқармасының бөлім басшысы А.Қосымбаева ескертіп, төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шараларынан түсіндіріп өтті.

Топ құрамында болған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы А.Гумарова төтенше жағдайға сәйкес кәсіпкерлерге жұмыс режимінде өзгерістер орын алатындығын бөлім тарапынан арнайы ескертілгенін қаперге берді.

Дегенмен мемлекет талабына мойынұсынбай жұмысын жалғастырған кәсіп иелері кездескен екен.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521