Азат елдің – ақшасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 қарашадағы №1399 Жарлығымен Ұлттық валюта-Теңгенің айналымға енгеніне биыл 25 жыл толып отыр.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1998 жылдан бері 15 қараша – Ұлттық валюта-Теңге күні және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесі ретінде тұрақты түрде атап өтіліп келеді.

-Бодандықтың бұғауын үзіп, экономикалық тәуілсіздікке қол жеткізген бұл күннің маңызы тек осы қаржыгерлер мен банкирлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың да ұлық мерекесі. Сондықтан да облыстық тарихи-өлкетану музейі аудандық бөлімшесінде төл теңгенің мерекесіне орай аудан қаржыгерлеріне арналған тақырыптық көрме жасақталып, көпшіліктің назарына ұсынылды. Бұл көрмеде Теңгенің тарихы, аудандық қаржы, банк саласында еңбек еткен қызметкерлері мен ардагерлері туралы мәліметтер, қолданған жәдігерлері мен марапаттары орын алады. Тәуелсіз Қазақстанның төл теңгесі туралы тарихи мәлімет беретін көрме аудан тұрғындары мен қонақтарына қызмет етеді,-дейді облыстық тарихи-өлкетану музейі аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Надя Айдарханова.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521