Ауылға дәрігер келді

Ауданның денсаулық сақтау саласындағы күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі дәрігерлердің жетіспеушілігі еді.

Әсіресе ауылдың өңірлерде өте өзекті түйткілге айналғаны жасырын емес. Бұл мәселе тұрғындар тарапынан жиын сайын көтерілетін еді. Кешегі әкімнің халыққа есеп беру жиынында Жарсуат ауылына қуанышты хабар жетіп, жаңа дәрігер маман келді.

Енді жанына шипа іздеген жарсуаттықтарды Батыс Қазақстан облысының тумасы Салтанат Сұлтанова емдейтін болады. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін жалпы медицина мамандығы бойынша бітірген Салтанат Нұржанқызының жұмысына аудан әкімі М.Қалауи сәттілік тілеп, жергілікті жерде қажетті көмектер көрсетілетінін айтты.

Д.АҒЫС.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521