ban2

Ауылдың тазалығы ауладан басталады

Кешегі аптаның сенбі күні кент әкімі Рулан Тұрабаевпен бірге кент көшелерінде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын білу үшін орталықты аралап көрдік.

Сенбілік кезінде бұрындары күл-қоқыстан көз ашпайтын көшелер қалыпқа келтіріліп, кемшіліктер түзелгендігін аңғардық. Жалпы, дәл осы сенбілікке атап өтсек, аудандық ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, білім беру бөлімі, М.Әуезов атындағы орта мектеп, кітапхана, «Райхан» бөбекжайы, мәдениет бөлімі, аудан, кент әкімі аппараттары, полиция қызметкерлері бір кісідей атсалысты.

Сонымен қатар, тазалыққа жауапты «Индер Тек» ЖШС мен «АқЖайық» ЖШС-інің техникалары контейнерлердегі қоқыстарды тазартып, тұрмыстық және өзге қалдықтарды шығару жұмыстарын өз деңгейінде атқарды. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Артур Мурзин мұндай сенбіліктердің аудан тазалығын сақтауда маңызы зор екендігін айтады.

–Ауданымызды біреу сырттан келіп тазалап бермейді. Мұндай сенбіліктерге әр азамат өз үлесін қосқаны жөн. Бұл шараның тәрбиелік мағынасы үлкен, жастарды еңбекке баулу жағы бар. Кентімізге деген патриоттық сезімді оятады. Сенбілікке белсене атсалысу арқылы өз туған жерін сүюге, тазалық мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз. Сонымен қатар, айта кететін жайт біздер «129-ыншы» көпқабатты үйдің ауласын тазалап жүрміз, әр сенбі сайын темекі қалдықтарының шашылып жатқанын аңғарамыз. Әрбір жеке тұрғын өз ауласының тазалығына жауапкершілікпен қараса ешқандай мәселе де болмас еді. Сондықтан барша аудан тұрғындары тазалыққа біркісідей атсалысуды ауласынан бастаса игі іс болар еді,- дейді сенбілікке серпін қоса жүріп.

Сенбілікке шыққан мекемелер ұжымы шама-шарқынша тындырымды іс жасаған. Бірақ, бұл жолы бізді кент тұрғындарының кейбірінің табиғатқа бей-жай қарайтыны қынжылтты. Мәселен, бір көшелерде мал тезегі және тұрмыстық қалдықтар тазартылмаған. Үлгергенінше мекемелер көшелерді тазартып әлек. Бірақ, бір тұрғынның өз үйінің тұсындағы қоқысты тазартып жатқанын аңғармадық. Рас, тазалыққа тастай талап керек. Бірақ осыны әрбір азамат сезінуі тиіс. Кейбір тұрғындар құрылыс жүргізу үшін топырақ пен қиыршық тастарды ауласына түсірудің орынына жол жиегіне үйіп қойған. Шындап келгенде мұның өзі көшенің сәнін кетіреді. Міне, осындай олқы­лықтарды көргенде әлгі сенбілікте жүр­ген мекеме қызметкерлерінің жүзіне қарауға да ұяласың.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner