ban2

Ауылды аңсап отырады

Жақында аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов бүгінде Атырау қаласында бақуатты өмір сүріп тұрып жатқан Үнзира Өмірбаева апайға арнайы барып, аудан әкімі атынан 8 наурыз мерекесімен құттықтап, сый-сияпат ұсынды.

Туған жердің сәлемін ала барған азаматты бүкіл ауыл көшіп келгендей қуана қарсы алған өнер иесі ыстық ықыласын білдіріп, ел жайлы емен-жарқын әңгіме бөлісті.

Он сегіз жасында-ақ 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігіне қатысқан соғыста қаза тапқан майдангердің қызы Үнзира Темірғалиқызы үйірмеге қатысып, күй тартып, аудан өнерпаздарының қатарында облыста өнер көрсеткен. Сол өнердің арқасында бүгінгі Есболдағы Жамбыл атындағы орта мектептің бітірген бойда Атыраудағы мұнайшылар мәдениет сарайы жанынан ұйымдастырылған Дина Нұрпейісова атындағы ұлт аспаптар оркестріне қабылданады.

- Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын. Әрқашан ауылымды, өскен ортамды аңсап отырамын. Бәріне дұғай-дұғай сәлем айта бар,-деп елге ықыласын жолдапты өнер саласын өрге оздырған Үнзира Темірғалиқызы.

Толығырақ газетіміздің 7 наурыздағы санынан оқи аласыздар

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner