ban2

Ауылдағы аялдама

Аумағында 3480 тұрғын тұратын округтің орталығы Елтай ауылында жолаушылар таситын автобус жүрмесе де алыс-жақынға жолаушыларды барар жеріне жеткізіп жүрген жеңіл машиналар қарасы аз емес.

Соларға да жағдай жасауды әрі жолдары түзеліп, көшелері жарықтанып, көркейе бастаған ауыл жұртына қолайлы болсын десе керек, М.Сиранов атындағы орта мектептің 2009 жылғы түлектері ақылдаса келе орталықтағы жол бойына әп-әсем аялдама орнатып беріпті. Ауылдағы барлық мемлекеттік мекемелер, әкімшілік, мәдениет үйі, музей, кітапхана, балабақша, аурухана және ойын алаңы, тағы басқалары орналасқан М.Қабиев атындағы көше мен бұл орталық шындығында жазғы уақытта бірқатар қоғамдық шараларды да өткізуге өте қолайлы орын еді.

Сайып келгенде шағын аялдама салумен басталған жастардың ісі болашақта бұдан да күрделі нысандарды салуға түрткі болсын деген тілектеміз. Ауызбірлік танытқан жастардың игі ісі құтты болсын!

С.БИСЕНОВ.

Елтай ауылы

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner