ban2

Ауыл баласы қайда оқып жатыр

Президентіміз «Жастар жылында біз жас қазақстандықтардың маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған қарапайым және түсінікті қолдау құралдарын әзірлеуге тиіспіз»,-деп алдымен қолжетімді және сапалы білім, жұмысты болуы, баспана және отбасын құру мүмкіндігі міндеттерді іске асыруды тапсырған болатын.

Бұл тұрғыда бұрыннан да қалыптасқан игі дәстүрлерді жаңғыртып, жаңа сапада пайдалана білудің маңызы жоғары болмақ. Осы ретте аудандағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай мектеп түлектеріне «Сәтті қадам» жобасы бойынша талдау жүргізілген еді.

Мәселен, 2018 жылы аудан мектептерінің 290 түлегінің 155-і Қазақстан қалаларының ЖОО-на түскен. Олардың 33-і білім грантын иемденсе, 122-сі ақылы негізде оқуға қабылданған. Ал Атырау облысы әкімінің грантын 16 түлек иеленсе, көрші Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарына екі түлек, соның ішінде олар Уфа мемлекеттік университетінде оқу құқығына ие болған. Ал шетелдік оқу орнына (Прага) 1 түлек қабылданып, оқып жатыр.

Сондай-ақ 45 түлек еліміздің түрлі мамандықтар беретінде колледждеріне грантпен түссе, ақылы негізде 66 жас білім алуын жалғастырып отыр. Бір жас Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанған. Индер ауыл шаруашылығы колледжінде оқитындардың да денін аудан жастарды құрайды. Олардың да оқу орынын бітірген соң еңбекке араласуы да бақылауға алынған.

С.БИСЕНОВ.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner