Ауылға банкомат орнатты

Таяуда аудандық «Қазпошта» байланыс бөлімшесі Көктоғай ауылындағы филиалы ғимараты ішіне банкомат орнатты. Ендігі жерде жергілікті халық еңбекақы аударымдарын жаңа банкомат арқылы алуға мүмкіндік алып отыр.

Сондай-ақ бұл банкомат барлық виза және мастер карточкаларды қабылдайды. Осы орайда аудандық пошта байланыс торабының басшысы Айдар Жобалов:

–Бұрын-соңды банкомат аудан орталығындағы бөлімшенің ішінде және сыртында болды. Міне, енді өздеріңіз көріп отырғандай, ауданнан шалғай жатқан Көктоғай ауылына жаңа банкомат қондырылды. Алдағы аптада толықтай іске қосылатын болады,–деді бізбен əңгімесінде. Жалпы аудан орталығында «Халықбанк» тұрақты жұмыс жасап келеді. Алайда тұрғындар еңбекақы алар кезде ұзын-сонар кезек күтіп, біраз қиыншылықтарға тап келетін еді. Тіпті, жұмыс жасап тұрған 3 банкоматтың өзінде ақша болмаған тұрғындар «Қазпошта» банкоматына жүгініп жүрді. Алайда, ол банкоматта да қолданушының сұраған сомасын бермей қалып, әуре-сарсаңға түсірген кездерінде көріп жүрдік.

Енді, осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін аудан әкімдігінің телеграм желісінде аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлнұр Сүйеуова Индербор кентінен және Есбол ауылынан жаңа банкомат орнату жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатырғанын мәлімдеген болатын.

Д.АЙБАР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521