АУДАНҒА КЕЛГЕН АФРИКАЛЫҚ ҰСТАЗ КІНӘСІН МОЙЫНДАДЫ

Ағылшын тілін жетік меңгеруді мақсат еткен индерлік балалардың африкалық ұстазының үстінен іс қаралды.

Ауыл балаларын ағылшын тіліне үйретуді африкалықтар кәдімгідей қолға алған сықылды. Олай деуге себеп те жоқ емес. Дәлірегін айтқанда, таяуда аудандық сот биылдыққа осымен екінші мәрте еліміздің көші-қон заңын белден басып, «білмей қалдым» деген жауапты алға тартқан Мвесиге Рогерс (MWESIGE ROGERS) есімді Уганда Республикасы азаматының үстінен қозғалған істі қарады.

-Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған ол кент тұрғынымен ауызша келісіп, «Ақсай» қонақ үйінде тұрып, ағылшын тілін оқыту орталығында балаларды оқытып жүрген болып шықты. Сот отырысында Мвесиге Рогерс кінәсін мойындап, Индербор кентіне келген соң аудандық полиция бөліміне келіп тіркеуді білмегенін айтып, іс әрекетіне өкінді. Сот іс құжаттарын зерттеп, Қазақстан Республикасының халықтың көші - қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Р.Мвесиге әкімшілік жаза ретінде он бес айлық есептік көрсеткіш (37875 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолдану жөнінде үкім шығарды,-деді аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Г.Егізбаева.

Естеріңізге сала кетейік, биылдың өзінде бұған дейін де Нигерия елінің азаматы осындай әрекет жасап, кейін еліне шеттетілген болатын.

"Дендер" - Ақпарат

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521