ban2

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХ сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХ сессиясына депутаттармен қатар аудан әкімі, орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияны оның төрағасы, депутат Өтепберген Оразғалиев ашқан соң, алдымен «2019-2021 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Қонасова хабарлама жасады.

Сөйтіп, аудандық бюджеттен кент, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялар мөлшерлері 661 869 мың теңге сомасында бағыттау ұсынылды. Жалпы 2019 жылға арналған аудан бюджетін 6 380145 мың теңге, 2020 жылға арналған аудан бюджетін 3 881 302 мың теңге және 2021 жылға арналған аудан бюджетін 3 881 302 мың теңге көлемінде бекітуге ұсынылып, талқыланды.

Көтерілген маңызды мәселелерге орай аудандық мәслихат хатшысы Б.Сапаров, депутат Ө.Оразғалиевтар кейбір жайларға байланысты сұрақтарын қойса, депутат М.Ільсов келер жылдың бюджетіне байланысты пікірімен бөліскен соң, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 

Толығырақ газеттің 3 қаңтар 2019 жылғы санынан оқи аласыздар

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner