Ауданда жол-көлік оқиғасынан 10 адам өмірі қиылды

 Жиында Жолдаудың екінші бағыты, яғни азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселе қозғалды

Индер ауданы прокуроры Абзал Сахиев аудандағы шешімін күткен мәселелерге тоқталып, оны бірлесіп шешу жолдарын ұсынды.

-Өткен 9 айда ауданда 16 жол-көлік оқиғасы орын алған екен. Өкінішке орай, осы оқиғалардан 10 адамның өмірі қиылып, 35 адам жарақат алды. Бұл көрсеткіш өткен жылғылардан да артып кетті. Соның ішінде 3 адамның өмірін жұлған 2 оқиғада малдың қатысы бар, - деді аудан прокуроры Абзал Смағұлұлы.

Осы ретте жарсуаттық тұрғын Бауыржан Әшімов жол белгілерінің тиісті талапқа сай еместігін сынға алды.

- Мысалы, трассада 100 км жылдымдықпен жүйткіген көлік жүргізушісіне алдымен 80 км белгінің орнына, бірден 60 км белгі қойылған. Бұл кезде жүргізуші көлігін тежеп үлгермейді. Ал оның түрлі жол көлік оқиғаларына сеп болуы әбден мүмкін. Орал жағынан қатынайтын таксилер жол белгілеріне де қарай бермейді. Көбіне сағатына 180-200 шақырымға дейін ағызып өтетіндіктен, олар жолда малға да, адамға да тоқтап үлгере алмасы анық, -деді ол.

Тұрғын Жеңіс Азанов малды жайпап өтетін жүргізушілерге жауапкершілікті әлі де күшейту қажеттігін көтерді. Прокурор Абзал Смағұлұлы жолда жүру ережесін бұзғандардың көбіне жылдамдықтың артуы себеп болғандықтан, жол сақшыларына тиісті талап қойылып отырғанын және жол белгілеріне қатысты қосымша тексерістер жүретіндігін айтты.

Жарсуат округінің әкімі Әлифолла Балахметов мал иелеріне жарықтандырғыш қою ұсынылып отырғанымен, бұл жұмыстың әлі баяулығын айтса, аудан әкімінің орынбасары Ақтілек Мусағалиев жол белгілері, мал айдау схемалары бойынша жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521