ban2

Ауданда Тұңғыш Президент күні тойланды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіздікті ту еткен дара тұлға» атты мерекелік жиын жаңа мәдениет үйінде өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қайрат Нұрлыбаев мінберге көтеріліп, барша индерліктерді мемлекеттік маңызы зор мерекемен құттықтай келе, Елбасының Тəуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы өлшеусіз еңбектеріне кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, мерекелік кеште аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ажар Серікқалиева, «Ниғым» шаруа қожалығының басшысы Айдар Иманғалиевқа «Астана қаласына – 20 жыл» мерекелік медальі табысталса, ауданның көркеюі, мәдениеті мен экономикасының өсуіне өзіндік үлесін қосып жүрген Есбол орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаңылсын Шадуова, Құрылыс фельдшерлік-акушерлік пунктінің фельдшері Ұлмекен Әлімова облыс әкімінің, ал «ИсиГипсИндер» ЖШС персоналды басқару қызметінің менеджері Наталья Толстова, аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің корректоры Ақмарал Бокирова, Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі Байжан Кенжеғалиев, «Елтай-Мәдениет» МКҚК директоры Бауыржан Ғабдысаматов аудан әкімінің және аудандық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімінің шаруашылық жөніндегі маманы Айбек Жексенғалиев пен аудандық пошта байланыс торабы басшысының орынбасары Гүлхан Хасанғалиева «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Индер» бастауыш партия ұйымының Алғыс хатымен марапатталды.

Толығырақ газеттің №49 (8200) санынан оқи аласыздар

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner