Ауданда құрылыс қарқын алды

Соңғы жылдары ауданның әрбір ауылдық округтерінде құрылыс жұмыстары қарқын алып келеді. Бір-екі жыл бұрын ғана Ынтымақ, Аққала, Құрылыс ауылдарында орта мектеп, Жарсуат ауылында саз мектебі, Көктоғай ауылында амбулатория, Индерборда 290 орындық балабақша, 60 пәтерлі көп қатарлы үй мен 20 пәтерлік 10 үй және әр ауылда екі пәтерлік 18 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ал биыл жылы ауданда жаңадан қандай құрылыс жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Бауыржан Иманғазиев жауап берді. Ал биылғы жылы Индербор кентінде көп бейінді ауылшаруашылығы колледжі үшін 100 орындық жатақхана құрылысы басталмақ. Бастапқы қаржысы бөлініп, қазіргі уақытта конкурс нәтижесі бойынша «Ақжол-Құрылыс» мердігер мекеме болып анықталды. Жалпы құны 454,71 млн теңгені қамтитын нысан колледждің аумағына салу жоспарланып отыр. Кенттегі «Көктем» қазақ орта мектебіне 80 орындық жапсаржай құрылысы салынбақ. Оның құрылысын бастау үшін қаржысы бөлініп, мердігер мекемені анықтауға конкурсқа мемлекеттік сатып алу басқармасына құжаттар жолданды. 244,0 млн теңге бөлініп отырған құрылыстың нәтижесінде балалардың алаңсыз оқуына жағдай жасалынбақ.

Аққала ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пен аудан орталығында өрт сөндіру депосының құрылысы да биыл басталады. Аталған медициналық пункт ескі мектептің орнына салынса, өрт сөндіру депосы кенттің Қорғантау көшесіне салу жоспарланған. Екеуі де облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен мердігер мекемені анықтау үшін конкурсқа берілді.

Аудандық прокуратура ғимаратының құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталған болатын. Жалпы құны 67,2 млн. теңгені құрайтын нысанның көлемі-284 шаршы метр. Атыраулық "Семар" ЖШС нысанның қазіргі уақытта іргетасын құйып, қабырғасын қалау жұмыстарын бастады.

Өздеріңізге белгілі, «Алғабас-Жорық» каналы салынғанынан бері толыққанды жөндеу көрмей, каналдың су өткізгіш деңгейі мүлдем төмендеп, ауыл шаруашылық саласына қолбайлау болған болатын. Бүгінде каналды қалпына келтіру жұмыстарына облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен, "Сұңқар-Құрылыс" ЖШС-ның мердігерлігімен бастау жоспарланып отыр. Канал бойын тереңдету, котлавандарын жаңарту, насостарын ауыстыру сынды жалпы құны 457,645 млн теңге болатын құрылыс жұмыстарын кезең-кезеңімен атқару көзделген. Болашақта мұндай жұмыстар Ақсай, Қурайлы сай, Бағырлай каналдарында да атқарылады деп жоспарлануда.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521