Ауданда «Борышкер» іс-шарасы өтуде

Қазақстан Республикасының ІІМ-нің нұсқаулығына сәйкес республика көлеміндегі іс-шара Индер ауданында да 2020 жылғы 8-16 ақпан аралығында өтуде.

- Шара кезінде рейд жүргізіп аудан, яғни Индербор кенті мен ауылдық округтерде Қырғызстан, Армения, Россия федерациясының шетелдік көліктері мен облыс орталықтарында бейнебақылауға түсіп, борышын өтемей жүрген көлікжүргізушілерді тексеріп, түсіндіру жүргізудеміз, - дейді аудандық полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрболат Жұмағалиев.

Сондай-ақ, егер де рейдте жүргізуші жақын аралықта айыппұлға ілігіп, оны өзі білмеген жағдайда ескерту жасалып, түсініктеме жазылып, құжаты бойынша ақпараты алынып мекенжайына берешегі жолданады, ал айыппұл салынып, одан жалтарып жүргендер болса көліктері автокөлік тұраққа қойылады екен.

Айта кетейік, мойныңызда борыштың бар-жоғын Махамбет көшесі №20 үйде орналасқан әкімшілік полиция ғимаратына барып, анықтауға болады.

"Дендер"-Ақпарат

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521