Аудан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін өңір басшысының өкімімен Мусағалиев Ақтілек Қалыбайұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Мусағалиев Ақтілек Қалыбайұлы - 1988 жылы 23 желтоқсанда Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары. 2011 жылы Алматы қаласындағы қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Құрылыс» мамандығы бойынша, 2014 жылы Атырау мұнай және газ институтының «Мұнай – газ ісі» мамандығы бойынша және 2015 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық универститетін экономика және бизнес магистрі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Азия-С» ЖШС-інде құрылыс алаңы шебері болып бастаған. Кейін 2011 жылы «СинамИншат» ЖШС-інде құрылыс алаңы қауіпсіздік инженері, 2012 жылы «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В» компаниясында оператор, 2014 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың сәуір айына дейін Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2016 жылдың сәуір айынан бастап облыстық құрылыс басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарған.

Отбасылы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521