Аудан әкімі ауыл тынысымен танысты

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауын насихаттау және ауылдың атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу үшін Индер ауданы әкімі Серік Арыстан Жарсуат округінде бүгін болды.

 

Аудан әкімі С.Арыстан бастаған топ, ауылдағы медициналық пункт, балабақша, орта және саз мектебінде болып, жұмыс барысымен, жылу қазандықтарының жай-күйімен танысты. Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесуде аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов Елбасы Жолдауында қойылған міндеттерді аудан өңірінде жүзеге асыру барысынан баяндама жасады.

Ауыл тұрғындары арасынан Мәлік Бақтыгереев, Света Тасқарина, тағы басқалары пікірін білдіріп, Жолдаудың ауыл тұрғындарының көңілінен шыққанын айта келіп, Жолдауды қолдайтындықтарын білдірді.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521