ban2

Аудан әкімі Қатимолла Ризуановты қабылдады

Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Индер, Исатай, Махамбет аудандарының «Құрметті азаматы», «Құрмет» және «Азамат» ордендерінің иегері, ел ағасы Қатимолла Ризуанов ағамыздың сексен жылдық тарихы бар өмір жолына арналған салтанатты шара өтті.

Алдымен аудан әкімі Серік Арыстан мерейгердің өміржолына тоқталып, оның елге соның ішінде ауданға сіңірген еңбегін ерекше бағалап, иығына қазақтың шапанын жауып, құшақ толы гүлімен естелік сыйлығын тарту етті.

Еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастаған ағамыз 1964 жылы Гурьев облыстық комсомол комитеті аппаратына қызметке алынып, 1971-1978 жылдары аралығында Гурьев облыстық партия комитетінде ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1978-1988 жж. Индер аудандық партия комитетінің ІІ-хатшысы, кейіннен төрт жыл бойы облыстық партия комитеті жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, партиялық ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, 1992-1994 жж. облыстық Кеңес төрағасының м.а., төраға орынбасары, жаңадан құрылған облыстық мәслихат хатшысы, 1994-1999 жж. облыс әкімінің орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі басқарма бастығы, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы хатшылығының мергерушісі секілді жауапты қызметтер атқарған.

Салтанатты жиында еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы Ерсайын Көшекұлы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Өтеп Қасибаұлы, Қ.Ризуанов ағамыз жұмыс жасаған жылдары ауатком төрағасының орынбасары болған, бүгінде Индер ауданының құрметті азаматы Марфуға Ахметова апамыз секілді біраз ауданның ел ағалары ыстық лебіздерін білдірді.

Толығырақ газетіміздің 21 санынан оқи аласыздар.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner