ban2

Атыраулық студенттер шетелдік кәсіпорын демеушілігімен елге оралды

Атыраулық студенттердің елге оралуына шетелдік кәсіпорын демеушілік жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 25 наурызда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен Варшавадан Қарағанды арқылы 33 студент Атырауға оралды. Оларды халықаралық әуежайда туған-туыстары күтіп алды.

Бүгін, тағы 25 студент Атырау халықаралық әуежайына ұшып келеді. Олар Варшавадан Қарағандыға оралған сәтте коронавирус инфекциясына жедел тест тапсырған. Сол қалада екі күн карантинде болған. Тест нәтижесі олардың індетке шалдықпағанын көрсетті. «Басым көпшілігі – шетелде оқитын студенттер. Олардың біразы батыс өңірлерінен, яғни, Атыраудан - 27, Батыс Қазақстаннан - 19, Ақтөбеден - 7, Маңғыстау облысынан 6 студент бар. Бәрі де – инфекциядан аман.

Студенттерді Атырауға жеткізу үшін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен «Теңізшевройл» ЖШС-нің басшыларымен жиын өткізіп, аталған компанияның әуе кемесін пайдалану жөнінде шешім қабылдадық» - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов. Оның айтуынша, енді ТШО-ның тағы бір рейсі кеше Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының студенттерін Орал қаласына жеткізеді.

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер біздің бастамамызды қолдады. Үстемеақы төлеу жөнінде ешқандай мәселе туындаған жоқ. Екі рейстің шығыны компания есебінен төленді. Барлық студент тегін ұшып келді»- деді Ержан Әбілханов.

Атырауға оралған студенттердің бірінің анасы Татьяна Мохначеваның қуанышында шек жоқ. Ол Польшадағы лицейде оқитын ұлын құшақтап, «Аман-есен оралуыңмен, құлыным!» деп көз жасын жасыра алмады. «Біз балаларымыздың аман-есен келгеніне өте қуаныштымыз. Олардың жағдайы жақсы. Көрсеткен көмектері үшін облыс әкімдігі мен ТШО компаниясына алғысымыз шексіз» - деді Татьяна Мохначева. 4

Барлық студент Атырау халықаралық әуежайында да жедел тест тапсырды. Дене қызуы өлшеніп, сауалнама толтырды. Олар енді 14 күн үй карантинінде болып, дәрігерлердің қадағалуына алынбақ. Бұл – еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі қойған талап.

inform.kz 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Бейнебаян

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner