ban2

АТЫРАУДА ЗАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЖАСАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Заңсыз» жедел-алдын алу шарасының үшінші кезеңі аясында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 14 Өзбекстан тұрғыны анықталды.

Олар Талқайран ауылында көпқабатты тұрғын үй құрылысын салумен айналысқан. Заң бұзушыларға қатысты хаттама толтырылып, сотқа жіберіледі. Сонымен қатар, заңсыз жұмыс жасаған жұмыс беруші де жауапқа тартылды.

Ол мемлекетке 256 мың теңге айыппұл төлеуге міндетті. Жалпы, биылғы жылдың 8 айында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3363 шетелдік жауапкершілікке тартылды, оның 286-сы сот шешімімен республикадан шығарылды.

ATpress.kz Сурет: Ашық дереккөз

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner