Атырауда індет жұқтырғандар саны 12-ге жетті

Облыс көлемінде қауіпті дертке шалдыққан жалпы саны 12 адам тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, дертті жұқтырған жетінші және сегізінші науқас 25 пен 50 жастағы екі әйел. 

Олардың 21 наурыздағы "Нұр-Сұлтан - Атырау" бағытындағы пойызбен келгені анықталды. Аталған бағытта 27 наурыз күні коронавирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылған қыз да болған. 

Тағы екі адам "Алматы-Атырау" рейсімен келген 14 жастағы қызбен байланыста болған. Олар 1999 жылғы қыз бен жігіт, екеуі де студент.  Ал, басқа екі адам - 1974 және 1973 жылы туған әйел адамдар, қалалық үшінші емхананың медицина қызметкерлері.

Қазіргі уақытта дертке шалдыққандар оқшауланып, емделуге жіберілді. Жауапты органдар науқастармен байланыста болған адамдарды іздестіру үстінде.

azh.kz сайтынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521