Атырауда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес жыл сайын жергілікті басқару органдарында қаңтардан мен наурыз айлары аралығында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды.

Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық деңгейін айқындау, мамандығы бойынша алған білім деңгейі мен дене дайындығы деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылып, өткізіледі.

voen

Шақыру учаскелеріне шықырылатын жылы 17 жасқа толатын ҚР ер-азаматтары тіркелуі тиіс. 2020 жылы қаңтар мен наурыз аралығында Атырау өңірінен 2003 жылы туылған 4 мыңға жуық жастарды әскери есепке қабылдау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша азаматтарды медициналық куәландырудан өткізетін медициналық комиссиялар құрылды.

Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) азаматтарды шақыру учаскелеріне шақыру үдерісінде емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж шақырылушыларды айқындайды және оларды емдеу-профилактикалық ұйымдарға, денсаулық жағдайы бойынша жарамдыларды әскери оқу орындарына түскісі келетіндерді Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқу үшін тіркейді.

voe

Әскери есепке алғаш рет тұрған азаматтармен жергілікті әскери басқару органдарында Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметтің келешегі туралы үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі.

Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті

баспасөз қызметінің бастығы майор

Урбайза Абитова

тел. 87024637733, 87074637733

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521