ban2

Атырау облысындағы түйе өлімі тоқтады

Жылыой ауданындағы барлық түйелерге паразитке қарсы дәрі-дәрмектер беріліп жатыр,- деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

  ​Ағымдағы жылдың 3-28 шілде күндері аралығында Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында және Құлсары қаласының қарасты Жадырасын ықшам ауданында 11 бас түйе шығын болған болатын. Шығын болған сәтен бастап, сараптама жасалды. Сараптама нәтижелері облыстық ветеринариябасқармасына тапсырылып, қорытындысы шықты.

Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурулардың ешқандай белгілері жоқ.  ​- Түйелер жайылатын жайылымдардағы жем-шөптерден және Жем өзенінен сараптама алынды. Қорытындысы бойынша нормадан ешқандай ауытқушылық жоқ. Ал, түйе өліксесін потологиялық-анатомиялық жарып сою нәтижесінде көмекей қуысынан көп мөлшерде құрттардың бар екені анықталды. Ветеринарлар бұл цефалопиноз деген ауру деп қорытындыға келді, - дейді Атырау облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.   ​

Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, ауданда 9720 түйе бар. Барлық түйелерге паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер беріліп, өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото:obshe.net сайтынан алынды

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner