Атырау кіре берісінде төрт блок пост орнатылды

 30 наурыз күні Атырауда ресми түрде карантин режимі енгізілді.

Осыған байланысты облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен облыс орталығына кіруге және шығуға шектеулер қойылды. Сәйкесінше, Атырау-Астрахань-Қараөзек, Атырау-Орал-Алмалы, Атырау-Индер-Бесікті және Атырау-Доссор-Қарабатан бағыттарына тосқауыл бекеттері қойылды.

- Олар өз жұмыстарын 30 наурызға қараған түні бастады. Бас санитарлық дәрігердің нұсқауына байланысты, Атырау тұрғындары тұрғылықты жеріне 2 сәуір сағат 00:00-ге дейін жетулері тиіс. 2 сәуірден кейін бұл мүмкін болмайды, - деді Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті қызметі басқармасының бастығы Әлібек Қайыров.

Сондай-ақ, аймақта авто және теміржол вокзалдары өз жұмысын тоқтатты. Ауданаралық, қалааралық және халықаралық рейстерге шектеу қойылды. Сонымен қатар, Атырау әуежайы да үкіметтік рейстер мен төтенше жағдай жөніндегі Атырау өңірлік комиссиясының төрағасымен келісілген рейстерден өзге барлық бағыттарды тоқтатты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны он екі адамға жетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521