Асып-таспайық, ағайын!

Кейінгі кездегі той, мерейтой, еске алу, тағы басқа дәстүрлерін әдейі даярланған асханаларда, тойханаларда өткізу әдетке айналды.

Әңгіме ысырапшылық туралы болғандықтан, тойға сойылатын малдың еті қалай пісіріледі, соған тоқталайық. Әуелі шайға отырамыз. Бірнеше салаттың түрі тұрады. Қуырдақ келеді. Еті ұзыннан, көлденеңнен туралған. Сарылдаған кейде ыстық, кейде салқын шай құйылады. Көптен күткен ет те келіп жетеді. Еттің қамыры (наны) дүкеннен сатып алынған даяр нәрсе. Крахмал ма, сода ма сорпаның дәмін келтірмейді. Сонда өзіміз қазақ болып ұлттық тағамның төресі етті даярлай алмағанымыз қайткеніміз? Етті неге қорлаймыз?! Сойылған малдың сүйегі далаға тастала ма? Бұл бір. Екіншідіден, біз неге өзгеге еліктегішпіз, дәстүріміз неге сақталмайды? Әрине, біз көп ұлтты мемлекетпіз. Бірақ, қазақ халқының ұл, қыз өсіру тәрбиесі бар емес пе. Жаңа түскен келіндер «ене мектебінен» тәрбие алған. Отырып-тұруды, киім киюді енесінен үйренген. Тамақ даярлау мектебінен өткен. Ана тәрбиесі бүкіл ұлтқа үлгі болған. Қазақта «Анасын көр де қызын ал, ыдысын көр де асын іш» деген мақал содан шыққан...

Әңгіменің қысқасы, асқақтамайық ағайын, бардың қадірін білейік.

Ғайни ГАБДУЛЛИНА,

ауданның Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521