ban2

Бейнебаян жаңалығы

«Asyl Ana» сұлулық салоны ашылды

Бүгін Индербор кенті, «Барлаушы» мөлтек ауданынан «Asyl Ana» сұлулық салоны ашылды. Бұл биыл ауданда ашылған 16-шы кәсіпкерлік нысан.

Аталған қуанышқа аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев, кәсіпкерлік саласының басшылары мен қызметкерлері, бөлім басшылары, аудан тұрғындары мен жақын-туыстары, достары да ортақтасып, салон иесі Айдана Ғизатқалиқызын риясыз көңілден құттықтады. Айта кетейік, Айдана Ғизатқалиқызы осыдан екі жыл бұрын аудан халқының әдемі де көркем болып жүруіне атсалысып, 2017 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы бір айлық курстан өтіп, ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алып, нысан құрылысын салыпты.

Бүгінгі ашылғалы отырған сұлулық салонында ерлер мен әйелдер және балалардың шаш қиюымен және маникюр, бет әрлеу, массаж секілді түрлерімен халыққа қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Айдана Ғизатқалиқызы облыстық «Жыл кәсіпкері – 2018» байқауында «Үздік жас кәсіпкер» номинациясының лауреаты атанды.

Толығырақ газеттің 27 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Жарнама

banner_small

baner