ban2

АСЫҒУДЫҢ АЛДЫ АЖАЛ, АРТЫ ҚАЙҒЫ

Кеше кешкісін «Атырау-Индер» тас жолының Құрылыс ауылы маңында кісі өлімімен аяқ-талған жол-көлік оқиғасы орын алды.

Жүйіткіген «Ниссан Теана» маркалы автокөліктің иесі көліктің басқару жүйесіне ие бола алмай, жол жиегінің қарсы бағытына шыққан сәтте аударылып, салдарынан индерлік тұрғын сол арада көз жұмған. Ал «темір тұлпар» ішіндегілер түрлі дене жарақатымен орталық ауруханаға жеткізілді. Бұл жөнінде аудандық орталық аурухана директорының емдеу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Зайтова былай деді: «Оқиға орнына Жарсуат дәрiгерлiк амбулаториясының қызметкерлері жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан соң жедел жәрдем бөлімінің қызметкерлері де сол жерден табылып, екі бригада жол апатынан зардап шеккендерді орталық аураханаға жеткізді. Қазіргі таңда үшеуі ем алуда».

Иә, жүргізушілер адамның амандығына жауапты екенін қашан түсінер екен дейсің осындайда.

«Дендер»-Ақпарат.

Сурет. Ашық дереккөзден.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner