ban2

Астанадан жеткен қуаныш

Бүгінде Индербордағы қарапайым қызметкерлер Ермұқановтар отбасында үлкен қуанышты сәт орын алуда.

Өйткені, мұғалім Алтыбай Намазұлы мен дәрігер Күләш Құбайдоллақызының Астана медициналық университетінде оқитын көз қуаныштары Гаухар жоғары оқу орынын қызыл дипломмен тамамдаған. Оның құрбысы Айкенже Қалыбайқызы Құбайдуллина да осындай жетістікке жетіп, ата-анасы Қалыбай мен Қамирашқа зор қуаныш сыйлап отыр.

Сарыарқа төрінде оқитын бұл қос құрбы 2013 жылы Индербордағы М.Әуезов атындағы орта мектепті «Алтын белгімен» бітірген түлектер болатын. Яғни, жастардың бұл табысында осы мектеп ұстаздарының да зор үлесі бар деген сөз.

Жалпы осы Астана қаласындағы жоғары оқу орынынан медицина мамандығы бойынша 700 студент мемлекеттік емтихан тапсырса, олардың арасынан 52-сі қызыл дипломды иеленген екен. Оның үшеуі Атырау облысынан, соның ішінде екеуі осы Индербор кентіндегі М.Әуезов атындағы орта мектептен болуы да зор мәртебе.

Ендеше өте қажет дәрігері жетіспей жатқан ауданның жастары медициналық білім алып, ауылға оралып жатса одан әрі де қуаныш бола түсері анық. Ал ата-аналар мен ұстаздарға, жастарға тек сәттіліктер, қуаныштар тілейміз.

 

С.БИСЕНОВ.

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner