ban2

Ашылмай қалған шипажай

Аудан экономикасы мен әлеуметтік-мәдени дамуында ойып алатын орны бар Индер борат кенішінің қолдауы және бастамасымен іске асқан өңірлік маңызды жұмыстардың бірі кезінде Индер тұз көлінің емдік қасиетін халық пен ел игілігіне пайдалану жайы болғаны аян.

Бұл бағытта зерттеу-зерделеу жұмыстарының арқасында мәскеулік бағыныстағы кәсіпорын кеншілердің денсаулығын ойлап, төрт қатарлы профилакторий ғимаратын тұрғызып, енді пайдалануға қоспақшы болып жатқанда одақ күйреді. -Шетелдік ванналар қондырылып, сауықтыру орнына бастық тағайындап, Индер көлінен қара балшық (сероводород), емдеу құралдары әкелініп, құбырларын жүргізіп, енді іске кірісеміз деп тұрғанда, ауданның атқару комитеті мен денсаулық бөліміндегілер, бізге емхана мен ауруханаға ыңғайлы деп облыс басшыларын көндіріп, кеніштен тартып алғандай болды. Ал емдеу орнының ішіндегі ваннаны кеніш басшылығының рұқсатынсыз облыстық басқарма мұндай облыс орталығында жоқ деп бір түнде алып кетті. Осы сауықтыру-емдеу орны өз мәнінде жұмыс жасағанда сол кезде де, бүгін де ауруханаға түсетін аурулар да азаяр еді. Әттең!-дейді бүгінде қарт кенші Есенияз Төремұратов ағамыз.

Оны бірнеше рет жазды да. «Аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, бүгінде осы Индер тұзын игеру, оның емдік қасиетін пайдалану, оған инвестор табу туралы жақында аудан әкімі Мейірім Қалауи бірқатар ойларын ортаға салғанда көпшілік осы іске сәттілік тілеп, қостады. Ендігісін уақыттың өзі көрсетеді. Ал бүгінде өз мақсатына жеткілікті дәрежеде пайдаланылмай, жартылай иесіз тұрған орталықтағы төрт қатарлы ғимаратты сақтаудың өзі де күрделі мәселеге айналған сияқты.

С.БИСЕНОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner