АРЫСТАҒЫ ОҚИҒА КУӘГЕРІ

Арыстағы төтенше жағдайы Жайық бойындағы қарапайым еңбек ардагері Оралбай Серікқалиевтің отбасына, оны ұлы Қайрат үшін ұмытылмастай оқиға болып есте қалары анық.

Өйткені, Қайраттың жұбайы Жеңіскүл бүлдіршіні Таңшолпанды, қарындасы Жұлдыз, балалары Медел Бақытнұр, Көркем және Ла- риса Сағатова, сәбиі Қуаныш болып, емдетуге, біржағынан демалуға Алматыға аттанған екен. Енді олардың оралуы осы Арыстағы төтенше жағдаймен тур акеліп , №41 Атырау-Алматы пойызы Шуда бес сағат дерлік басқаларымен бірге амалсыз кідіреді.

- Бастапқыда олармен хабарласа алмай қатты қорықтық. Енді міне, қуаныш пен қорыққан бірдей екен, жадырап отырмыз. Шуда біраз тұрғанын біліп, басшысымен сөйлесіп, жағдайларын білдік. Еліміздегі жаңадан ашылған Жезқазған-Сексеуіл жолы салынғаны қандай жақсы болды. Сол арқылы айналып, Атырауға келмекші. Әлгінде ғана Қандығашқа келдік деген хабарын алдым. Енді Мақаттан барып қарсы алуға шыққалы отырмын. Амандық болса, ауылда өтетін түлектер кешіне үлгертсем деймін. Неде болса елмен бірге көріп, қиындықты жеңуге осындай пәрменді шара алынғаны, қандай жақсы болды. Арыстағыларға тек қиындықты аман-есен жеңіп, өз орындарына оралуларына тілектеспін. Осы хабарды алып жатқанда Арыс қаласында апа-жездесі Дариға мен Нұралы тұратын Құрмет Маджанов досым да хабарласып, олардың хал - жағдайларын біліп, амандығын, Шымкенттегі балаларының үйінде тұрып жатқанын хабарлады.

Әсіресе, атыраулықтар, индерліктер десе алып ұшып тұратын ақкөңіл де қарапайым апа-жездесінің де амандығын білген көңіліміз бір марқайып қалды.Ел болып қолдап жатқан арыстықтардың қиындықтары осылайша шешіле бастағаны нұр үстіне нұр.

С.ХАЛЫҚОВ

Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521