"Әрбір тұрғынның жағдайы жіті бақылауға алынып отыр"

Ғаламды жаулаған індеттің елімізде кеңінен таралмауына әрі оның себеп салдарын жою шараларын жүзеге асыру үшін жарияланған төтенше жағдай жарияланған кезде халықтың әл-ауқатын ақсатып алмау басты назарға алынғаны белгілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада тікелей эфир арқылы ел халқын сабырға шақырып, бекем бірліктің арқасында қол жеткізген тәуелсіздіктің тұғырын баян ететін жұрттың жағдайын жасау іс басындағы азаматтардың басты борышы екенін айтып өткен болатын. Осыған орай атқарушы және жергілікті билікке нақты міндеттер жүктеген болатын.

Жергілікті жердегі тұрғылықты халықтың әл-ауқатын басты назарға ұстап отырған аудан әкімдігіне қарасты аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиеваға хабарласқан болатынбыз.

-Қазіргі таңда бөлімге немесе Индер ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласқан азаматтардың әлеуметтік жағдайы басты назарда ұсталынуда. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 210 отбасындағы 515 балаға 5567 теңгені көлеміндегі азық-түлік себеті берілді. Ол үшін қазынадан 2 млн 867 мың теңге бөлінген болатын. Жалпы алғанда ең алдымен отбасындағы табыс көзі кірмейтін, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының есебін шығарып, олармен де тисінше жұмыстар жүргізілмек.

Қайткен күнде де Мемлекет басшысы берген тапсырмаға салалық бөлім мамандары мұқият қарап, әрбір тұрғынның жағдайын жіті бақылауға алынып отыр,- дейді өз сөзінде.

Сұңқар КӨШЕКОВ

Сурет: ahz.kz сайтынан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521