АҒАСЫН БАЛАҒАТТАП ІСТІ БОЛДЫ

Индер аудандық сотында ағасына балағат сөз айтып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жігітке қатысты ашық сот отырысы өтті.

Айыпталушы жұмыссыз, 1978 жылы туылған индерлік Ж.Р «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 73-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Негізі айыпкер отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, 2019 жылғы 09 қыркүйекте ағасының үйіне барып, оған тиісіп, балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот отырысында ол кінәсін мойындап, хаттамада толтырылған мән-жайларды растады. Сот отырысында жәбірленуші де інісімен татуласқанын, медиациялық тәртіпте жазбаша келісім жасағандарын айтып, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

ҚР Кодексі 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес қозғалған әкімшілік іс бойынша іс жүргізу жәбірленушінің құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласуына байланысты ӘҚБтК-нің 64-бабына және ҚР «Медиация» заңына сәйкес тоқтатуға қаулы алды.

 

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521