ban2

АНЫҚТАМАНЫ ЕНДІ ҮШІНШІ ТҰЛҒА ДА АЛА АЛАДЫ

«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы» және басқа да қажетті анықтамаларды «үшінші тұлғаның» алуына болады.

Жұмысқа орналасу, оқуға түсу немесе баланы тіркеу секілді құжат тапсыру кезінде «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы», я болмаса жиі сұрататын мекенжай, басқа да анықтамаларды талап ететіні белгілі. Ол анықтама бұрын алушының өзінен басқаға берілмейтін. Осы жөнінде Атырау облысы бойынша құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Ж.Абдрахманова 2018 жылғы 24 желтоқсанда мемлекеттік қызмет көрсету стандартына енгізген өзгерістер мен толықтыруларда көрсетілгендей үшінші тұлғанын да ала алатынын айтады.

Ал Индер аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Алтынбек Кенжиевтің айтуынша, «Электрондық үкімет» веб-порталына өзіне қажет тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) теріп, телефонмен түскен хабарламаға анықтама иесі келісілген жауабын жіберу арқылы шешіледі екен.

Жалпы мұндай жаңалық анықтамаларды талап етуін барынша азайтуға мүмкіндік берсе, ауылдық округтен келіп, сарылып кезек күтетін ағайынға да жеңілдік әкелмек.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner