ban2

«АНАЛАР ӘЛЕМІ» АНАЛАРДЫ КӘСІПКЕ БАУЛИДЫ

«Zhas Project» грантының иегері Салтанат Габдулова «Дария» сұлулық салонында шаш қию мен сәндеу, қолөнер түрлерін үйрету жобасы арқылы үйде отырған көпбалалы, аз қамтылған және жас аналарға өз армандарына қол жеткізуге жәрдемдесу ісін бастады.

Қуанышты күнге арнайы келгендер алдында сөз алған «Бастау-Бизнес» тренері Бибігүл Шайхиева жиналғандарға қош келдіңіздер айта отырып, іскер келіншектердің жұмыстарына сәттілік тіледі. - Біздің тобымызда жеке кәсіп иелері Амангүл Құрмашева, Лаура Бауыржанова, Айшабибі Бақтығалиева есімді қыз-келіншектер бар. Аналар бізден тырнақ сәндеуді, шаш қиюды, қолөнер түрлерін жасауды үйренетін болады. Сондай-ақ, ДЦП секілді мүгедек балалары бар аналарға массаж жасауды үйретеміз, - дейді «Аналар әлемі» жобасының жетекшісі Салтанат Габдулова.

Қызының шашбауын көтеруге келген анасы Нұрлы Габдулова бес жылдан бері шаш сәндеу кәсібіне бет бұрып, жетістікке кенеліп отырған қызының еңбекқорлығын айтып жеткізді. Төрт баланың анасы төрт айлық сәбиі бола тұра жұмысты қатар алып жүргеніне ризашылығын білдірді. Жоба мүшесі Амангүл Құрмашева да «Бастау-бизнес» жобасы аясында өз ісін дамыту үшін 250 мың теңге грантын ұтып алғаны белгілі болды. Оның да анасы игілікті істің басы-қасында жүрген қызының қандайма болмасын бастамасына қолдау білдіріп жүретінін айтты.

Аналарға кәсіп бастауға баулитын осынау жобаның тұсаукесеріне қатысқан аудандық жастар орталығының директоры Сұңқар Көшеков пен «Дендер» ҚБ төрағасы Қайырлы Ғилманов жоба мүшелерінің жұмысына табыс тіледі.

Ақмарал БОКИРОВА

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner