ban2

Алматыдан абыроймен оралды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миниcтрлігінің қолдауымен, «Қазақстан таланттары» өнер-білім дамыту орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты республикалық балалар мен жастар байқауы өткізілген болатын.

Аталмыш байқауға аудандық балалар және өнер мектебінің оқушылары Мақтым Әсет қатысып, «аспапта орындаушылар» бағамы бойынша республиканың түкпір-түкпірінен қатысқан 26 қатысушының арасынан оза шауып І дәрежелі дипломды жеңіп алды. Байқау барысында Әсет Мәкелім Қойшыбаевтың «Жастар» күйін орындап, төрешілердің ыстық ықыласына ие болыпты.

Әсеттің ұстазы Дәурен Қадірғалиев: «Шәкіртімнің осындай биіктен көрінуі еңбекқорлығы мен ізденімпаздығы,-дейді. Ал, байқау шарты бойынша ұстаз Дәурен Қадірғалиев арнайы шеберлік класына қатысып, сертификатпен марапатталды.

Байқаудың «Қолөнер» бағамы бойынша сынға түскен Талап Айзель 12 қатысушымен сынға түсіп, бас жүлдені еншіледі. Сайыс ережесі бойынша Айзель рухани-патриоттық тақырып аясындағы өз қолынан шыққан 3 туындысын көрме негізінде дайындап алып барған.

Байқау соңында шәкірттерін бәйгеге дайындап, жетекшілік еткен ұстаздары Дәурен Қадірғалиев пен Нұрбол Исағалиев «Қазақстан таланттары» шығармашылық дамыту орталығының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Ж.НАРИМАНҚЫЗЫ,

штаттан тыс тілші.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner